Ағымдағы жылдың 9-10 шілде күндері Дүниежүзілік Витилиго күніне орай, Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінде 2 күндік «Клиникалық мәселелерді шешудегі инновациялар» тақырыбында конференция өтті.

 

Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері директоры М.У. Бердешеваның айтуы бойынша: «Конференция мақсаты, облыс бойынша дерматовенеролог дәрігерлерінің білімін жетілдіру, соңғы кездері Витилиго аурушаңдығының ересектермен қатар кішкентай балалардың арасында да көбеюі мәселесімен қатар, тері ауруларының ковид-19 инфекциясынан кейін пайда болған клиникалық тұрғыдан өзгерулерін талқылау, жаңа емдеу препараттарымен таныстыру және практика жүзінде көрсету. Осы атқарылып жатқан жұмыстар, облыс халқына көрсетіліп жатқан дерматовенерологиялық көмектін сапасын жақсартуға септігін тигізеді деп ойлаймын».

 

Конференцияға дәріс берушілер ретінде, м.ғ.к., дерматовенеролог, дерматокосметолог, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру академиясының дерматовенерология, дерматокосметология кафедрасының доценты, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы білімінің және Ғылыми менеджмент және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі С.А. Оспанова, к.ғ.қ., дәрігер дерматолог, дерматокосмсетолог А.Т. Искакова, «Витилиго және тері саулығы» орталығының дерматолог, физиотерапевт дәрігері, м.ғ.к. А.А. Касымханова және Нұрсұлтан қаласы, «Вита» клиникасының дерматолог, физиотерапевт, психодерматолог дәрігері О.М. Смирнова шақырылды.

 Келген мамандар дәрігерлерге дәріс берумен қатар витилиго ауруымен ауыратын науқастарға «дөңгелек үстел» өткізіп, науқастар өздерінің өзекті сұрақтарына нақты жауаптарын алды. Витилиго ауруымен ауыратын науқастарға А.А. Касымханова қабылдау жүргізді, аурухана қызметкерлері С.А. Оспановамен бірлесіп, стационардағы ем алып жатқан науқастарға қарау (обход) жүргізіліп, кеңестер берілді