Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай, облыс әкімдігімен бекітілген, ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларына жоспарланған облыстық ардагерлер кеңесінің «30 жылдыққа-30 шара» атты шаралар жоспары бойынша, 11 желтоқсан күні ардагерлермен кездесу өткізді.

«Өлі жебемей, тірі байымайды», директордың бастауымен бір топ ардагерлер, өмірден өткен бас дәрігерлердің зиратына дұға етті.  Марқұмдарға құран бағышталып, қой сойылды. Ардагерлерге, қайтыс болған бас дәрігерлердің жұбайларына арналып дастархан жайылды.

Еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекелік шара барысында тері-венерологиялық саласында еңбек сіңірген ардагерлер мен қызметте жүрген бірнеше қызметкерлерге алғыс хаттар, сыйлықтар табысталды. Мекеменің тыныс тіршілігінен тарихи видеошолу тамашаланды. Ардагерлер жас қызметкерлермен өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, болашақта жұмыстарына табыстар тіледі. Кездесуде патриоттық әндер мен билер орындалды.