2023 жылдың 7-8-9 желтоқсан  күндері Алматы қаласы Қазақ дерматология  ғылыми орталығынан дерматовенерорг, дерматокосметолог, доцент, м.ғ.д, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының дипломнан кейінгі оқу бөлімінің меңгерушісі Оспанова Сания Альмешовна бастап  дерматовенеролог, дерматокосметолог дәрігерлер келді. Облыстық тері венерологиялық әкімшілігі мен «Scin Clinic» Медицина және эстетика орталығының келісімімен, «Scin Clinic» базасында дерматовенеролог, дерматокосметологтарға «Актуальные вопросы ВИЧ-инфекции и ИППП» тақырыбында семинар өткізілді. М.ғ.д, жоғары санатты  дәрігер дерматокосметолог, физиотерапевт, Витилиго ғылыми кеңес беру қорының мүшесі (АҚШ), Қазақстан дерматовенерологтар қауымдастығының мүшесі- Касымханова Алия Айдарбековна «Витилиго» тақырыбында дәрігер дерматологтар мен резиденттерге оқу өткізіп,науқастардың еміне коррекция жасап, консультациялық көмек көрсетті.Атопиялық дерматит ,экзема , акне ( безеу) розацеа,псориаз ,витилиго ,микоз(Лишай)  шаш және тырнақ аурулары , бет күтімі, әр түрлі басқа да дерматоз , дерматиттер диагнозымен келген науқастарға қабылдау жүргізілді.
     Оспанова Сания Альмешовна Атырау облыстық тері венерологиялық диспансерінде стационар бөлімшесінде емделіп жатырған науқастарды қарап,жүргізіліп жатырған емдеріне қосымша тері күтімі жөнінде кеңес берді.