Бүгінгі таңда псориаз ауруын емдеудегі өзекті мәселелер мен пациенттерді стартификациялау алгоритмдері және жүйелі терапия нұсқалары тақырыптарында ақпараттар берілді.Клиникалық жағдайларды талдаумен тәжрибелік курс өтті. Сұрақтарға жауап берілді. 
  Модератор-м.ғ.д., профессор,жоғары санатты дерматовенеролог, дерматокосметолог. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас дерматовенерологі. Дерматовенерологтар және дерматокосметологтар Қазақстандық қауымдастығының  президенті. Еуропалық Дерматология Академиясының (EADV) мүшесі, Халықаралық Дерматологтар Қоғамының(ISD) мүшесі, IMCAS-International Master Course on Aging Science мүшесі, Өзбекстан және Әзірбайжан  дерматовенерологтар қауымдастықтарының құрметті мүшесі- Батпенова Гульнар Рыскельдыевна
 
 Псориаз - бұл кең таралған терінің қызаруымен және тітіркенуімен көрінетін тері ауруы. Псориазбен ауыратын көптеген адамдарда терісінің қалыңдауы, қызаруы және теріде қатпарланған қабыршақтанған ақшыл-жылтыр дақтар пайда болады. Псориаз кенеттен пайда болып баяу дамуы мүмкін. Көптеген жағдайларда жоғалып кетіп, кейін қайтадан пайда болуы мүмкін. Аурудың негізгі симптомы болып тітіркену, қызару және терінің қабыршақтануы саналады. Терінің қабыршақтанған аймағы ең жиі шынтақта, тізеде және дененің орталық бөлігінде орналасады. Бірақ дененің барлық бөлігінде кездесуі мүмкін, сонымен қатар бас терісінде. Жылма жыл псориазбен аурырғандар саны көбеюде. Статистикаға сүйенсек Атырау облысында  2020ж-56, 2021ж-133, 2022ж-320 науқастар есепке алынды. Жалпы есепте тұрған науқастар саны 1355.